Учебный научно-производственный центр «Байсерке-Агро»

Бұзауларды қыстан аман алып шығу бойынша 5 кеңес

Суық және ылғалды қысқы маусымда кішкентай бұзауларды өсіру қиын болады. Микроорганизмдер ылғалды ауада әлдеқайда ұзақ сақталады, бұл көбінесе диарея мен тыныс алу органдарының ауруларына апарады. Егер сіз осы 5 тексерілген практикалық кеңесті ұстанатын болсаңыз, қыста туылған бұзаулар сау және төзімді болып өседі:

  1. Құрғақтық пен жылу: тіпті 10 °C-тан төмен температурада бұзауларға өтпе желсіз микроклимат және сабан төсеніштері құрғақ болғаны өте қажет. Жаңа туылған бұзауларды толығымен кептіру керек. 5 °C-тан төмен температурада бұзау көрпешелері дене температурасын сақтауға көмектеседі. Қосымша ақпарат алу үшін KFM жобасының „Төсеніш қалындығын бағалау“ жаднамасын оқыңыздар.
  2. Жақсы қорғаныс: ұыз беру әсіресе ылғалды және суық мезгілде диарея қоздырғыштарынан қорғау үшін маңызды. Колострум құрамындағы антиденелерді ананы уақтылы вакцинациялау арқылы қосымша күшейтуге болады. Мұздатылған колострум уызы аз немесе уызының сапасы төмен сиырлардың бұзаулары үшін де пайдалы.
  3. Бұзауларды тойғанынша азықтандыру: суықта дене жылуын сақтау қажеттілігінің орнын толтыру үшін бұзауларға 20% көбірек сүт немесе сүт алмастырғыштың жоғары концентрациясын беру керек. Осыған қоса өмірдің 3-ші күнінен бастап бұзауларға арналған мюсли немесе TMR беру керек. Жылытылған ауыз су бұзауға дене температурасын ұстап тұруға көмектеседі. Осы тақырып бойынша KFM жобасының „Қыста бұзау өсіру“ туралы тегін жадынамасын оқыңыздар.
  4. Тұрақты гигиена: шелектерді күнделікті тазалаудан басқа, әр жолы үйшікке орналыстырар алдында сол үйшіктерді мұқият тазалау және дезинфекциялау маңызды. Назар аударыңыздар: көптеген дезинфекциялық құралдардың әсері төмен температураға байланысты жоғалады!
  5. Жануарларды мұқият бақылау: бұзаулар диарея мен респираторлық ауруға шалдыққанын үнемі мұқият бақылау арқылы ғана анықтап, уақтылы шара қолдануға болады. Диареяның алғашқы белгілері пайда болғаннан кейін электролиттерді және қажет болған жағдайда ауырсынуды басатын дәрілерді беру тез нәтиже береді.

Уве Веддиге

Фото: KFM

The post Бұзауларды қыстан аман алып шығу бойынша 5 кеңес appeared first on Kompetenzförderung Milch in Kasachstan.

Scroll to Top