Учебный научно-производственный центр «Байсерке-Агро»

Несепнәр көрсеткіштерін дұрыс талдау

Сүт құрамындағы несепнәр / мочевина мөлшері сиырдың ақуызды тұтынуы туралы ақпарат береді, өйткені ол ақуыз алмасуының „қалдықтары“ болып табылады.

Сиырдың ағзасына азықпен бірге келетін ақуыздың көп бөлігі месқарындағы микробиологиялық ақуызға айналады, ал бұл энергияны қажет етеді. Егер ондай энергия болмаса немесе ол тым аз болса, аралық өнім – мочевина пайда болады. 100 мл сүттегі несепнәр мөлшері 20-25 мг  құалыпты болып саналады. 20 мг-нан төмен көрсеткіш месқарындағы ақуыздың жетіспеушілігін, ал 25 мг – ден жоғары көрсеткіш оның артық екенін көрсетеді.

Бірақ өте құбылмалы көрсеткіштер бізге азықтандыру рационы туралы нені білдіреді? Ол азық беру, араластыру техникасында кемшіліктер бар екендігінің немесе табыныңызда малдардың азықты тұтыну мөлшері қатты өзгеріп тұратындығын көрсетеді. Үнемі бірдей рацион болғаны азықтандуру үшін өте маңызды. Күн сайын біркелкі рацион болғаны жөн!

Сондықтан сүт цистернасындағы несепнәр/мочевиина құрамын үнемі тексеріп отырыңыздар. Оның көрсеткіштері неғұрлым тұрақты болса, табыныңызды жақсарту соғұрлым оңайырақ болатынын көресіз. Месқарын микробтары несепнәр мөлшері тұрақты деңгейде болса ғана максималды тиімділікпен жұмыс істейді. Микробтар жақсырақ бейімделуі үшін күнделікті рацион бірдей болуы керек.

Көрсеткіштердің тұрақсыз болғаны әрқашан да малдың азықтануы мен денсаулығында бар әлеуетін тиімді пайдаланбағандықтын белгісі болып табылады.

Уве Веддиге

Графика: Сүт ақуызы/мочевина © LFL Bayern

The post Несепнәр көрсеткіштерін дұрыс талдау appeared first on Kompetenzförderung Milch in Kasachstan.

Scroll to Top